1 маусым –Балаларды қорғау күні мерекесінде Мәдениет Сарайы алдында «Парктер шеруі» акциясының шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды.
Мерекелік атмосферада жас қатысушыларға мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Марапаттау Балаларды қорғау күнінің жарқын оқиғасы болды және өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеудің маңыздылығын тағы да атап өтті.
Барлық қатысушыларға, ұстаздар мен ата-аналарға «Парктер шеруі - 2026» акциясына белсенді қатысқаны, экологиялық бастамаларға қолдау көрсеткені және табиғатты сақтау ісіне қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз. Балаларға жаңа шығармашылық табыстар, шабыт және одан әрі жеңістер тілейміз!














