Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында марал көші- қонды
болып табылалды. Көктемде көші- қон соқпақтары арқылы маралдар
РФ аумағынан қорық аумағына қайтады.
Негізінен олар қорық аумағын бұзаулау үшін және төлдерін өсіру
үшін пайдаланады, ал күзгі- қысқы кезеңде қорықпен шектесТаулы
Алтай аумағына көші- қон жасайды.Қыстауға негізінен аталықтары
қалады,, ұрғашылары бұзауларымен көші- қон жасайды. Қорық
аумағында мекен ету ауданы шектеулі, қары аз аудандарда
қыстайды, таудың оңтүстік бөктерінде.
Енді бірнеше қызықты деректерді қарастырайық:
-
Маралдың аталығының неғұрлым күштірек болса соғұрлым оның
даусы қарлыққан болады екен. -
Олар сортаңды жиі жалап, жерді кеміреді, организмге қажетті
минералдарды алу үшін. -
Қысқа қарай маралдың терісі қоңыр- сұр түске айналады, ал
түлеген соң жирен болады. -
Маралдардың үлкен мүйіздері болады- ұзындығы 120 сантиметрге
дейін ал салмағы 12 килограмға дейін. - Ересек аталықтарының салмағы 300 кг-нан асады.
- Маралдың құйрығының астында өзіне ғана тән – ақ дақ болады.
-
Маралдардың мінезі ашушаң, күйгелек, араларында жиі жанжал
болады. - Олар аздаған отбасымен жүреді, кәрі аталықтары жалғыз жүреді.
-
Жабайы табиғатта 12-14 жыл, еріксізде одан көбірек 25-30 жыл
жасайды. - Марал секіргенде 5-6 метр арақашықтықты артта тастайды екен.















