Западно-Алтайский государственный природный заповедник

Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан
Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ «Қоғамдық
кеңестер туралы» Заңына сәйкес ҚР Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі М.Мырзағалиевтың 2019 жылғы 16 тамыздағы
№10-Ө «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи
ресурстар  министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру
жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту» (бұдан әрі – Жұмыс тобы)
бұйрығы бекітілді.

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 24 тамыздағы №516 «Қоғамдық кеңес
туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысының 3-тарау
22-тармағына сәйкес, Жұмыс тобы Министрліктің сайтында
Министрліктің қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатураларды алу
туралы конкурс жариялады (http://ecogeo.gov.kz/kk/kategorii/obyavlenie).

 

Заңның 10 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының он сегіз
жасқа толған, азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола
алады.

 

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

 

1) сотталғандығы болмауы;

 

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс
және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі
деп танымаған болуға;

 

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе
уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте
тұрмауға тиіс.

 

  1. Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы
коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе)
азаматтың өтініші;

 

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және
(немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

 

Сондай-ақ, өтініштер а.ж. 2 қыркүйекке дейін қабылданатының
хабардар етуді сұрайды.