
Іс-шара аясында «Заповедные дали» экологиялық бағытын абаттандыру мақсатында қорық аумағына шықты.
Жұмыс барысында қатысушылар ақпараттық аншлагтар, тақтайшалар, көрсеткіштер орнатумен, маршрут соқпағын таңбалаумен, соқпақты бұтақтар мен кедергілерден тазартумен, сондай-ақ келушілердің жайлы және қауіпсіз қозғалысы үшін орындарды дайындаумен айналысты. Бұдан басқа, демалыс аймақтарын абаттандыру және іргелес аумақтарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай іс-шаралардың қорықтың табиғи кешендерін сақтау және экологиялық туризмді дамыту үшін маңызы зор. Экологиялық бағыттарды жайластыру қорық аумағына баруды неғұрлым қауіпсіз етуге көмектеседі, халықтың экологиялық ағартылуына ықпал етеді және жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастырады.
Экологиялық десант тек пайдалы практикалық жұмыс қана емес, сонымен қатар студенттердің туған өлкесінің табиғатын сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын сезінуге және табиғатты қорғаудың жалпы ісіне қатысуға жеке үлестерін қосу мүмкіндігіне айналды.
Риддер колледжінің оқушыларына белсенді қатысқаны, еңбектері және табиғатты қорғау мәселелеріне бей -жай қарамағандары үшін алғыс айтамыз! 🌿





















