Западно-Алтайский государственный природный заповедник

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қылған жапырақты ағаштардың жас талдарын сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында өткізіліп жатқан «Шыршаны қорғайық және сақтайық» акциясы аясында Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының мамандары Риддер қаласының №16 орта мектебінің екі 4-сынып, 7-сынып, 9-сынып оқушыларына, барлығы 80 оқушыға дәріс өткізді.

Сабақ барысында қамтылған тақырыптар:

  • Табиғаттағы қылқан жапырақты ағаштардың маңыздылығы;
  • Қылқан жапырақты ағаштардың пайдасы;
  • «Шыршаны қорғайық және сақтайық» акциясы туралы;
  • Акция аясындағы шығармашылық байқаулар;
  • Қорық аумағындағы жануарлар әлемі, оның ішінде құстар туралы болды.

Бұл шаралардың мақсаты:

  • Жас ұрпақты табиғатты аялау және қорғауға тәрбиелеу;
  • Табиғи шыршаны қорғау жауапкершілігін арттыру;
  • Экологиялық сана деңгейін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Қоршаған ортаны қорғау және сақтауда жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндіруге бағытталған осындай жұмыстар ары қарай жалғасын табады.