Западно-Алтайский государственный природный заповедник

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты дәстүрлі онкүндігін өткізу және Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өту мақсатында Риддер қаласының Тілдерді оқыту
орталығы «Тәуелсіздік – ардағым» атты бейне құттықтаулар сайысын өткізді. Батыс-Алтай
қорығының атынан Кінәзханов Жігер қатысып, жүлделі I орынды иеленді. Жеңімпаздар қала
әкімінің дипломдарымен және Тілдерді оқыту орталығының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.