Риддер қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының мұражайына экскурсияға келді. 🌱
Экскурсия барысында балалар қорықтың қайталанбас табиғат әлемімен, өлкемізде мекендейтін жануарлармен және өсімдіктер дүниесімен танысты. Мұражайдағы жәдігерлер балалардың қызығушылығын оятып, жаңа мәліметтерге деген ынтасын арттырды.
✨ Бұл экскурсия балалар үшін жай ғана саяхат емес, жағымды әсерге, жаңа білімге және жарқын эмоцияларға толы кездесу болды.
🌲 Әрбір баланың жүрегіне қуаныш ұялатып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру – ортақ міндетіміз!























