Орман — табиғаттың баға жетпес байлығы, тіршіліктің тынысы, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділіктің маңызды бөлігі.
Қорықтың әрбір гектары — табиғаттың бізге аманат еткен құнды мұрасы.
Осы табиғи байлықтың сақталуы жолында күн сайын еңбек етіп жүрген орман шаруашылығы саласының қызметкерлері мен қорық мамандарының еңбегі өлшеусіз.
🌿 Орманшының еңбегі — табиғатпен бірге тыныстау.
🌲 Қорықтағы әр қызметкердің еңбегі ортақ мақсатқа бағытталған.
💚 Құрметті орман шаруашылығы саласының қызметкерлері, ардагерлері және табиғатты қорғау жолында еңбек етіп жүрген барша мамандар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Табиғатты қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңіз, табандылықтарыңыз бен кәсіби шеберліктеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.
Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, қызметтеріңіз абыройға бөленсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге береке тілейміз.
Орманымыз жайқалып, табиғатымыздың тыныштығы сақтала берсін!
#БатысАлтайҚорығы #ОрманШаруашылығыҚызметкерлеріКүні #ОрмандыҚорғайтынАдамдар #ТабиғаттыҚорғаймыз














