Орманшының сөмкесі — жай ғана қажетті заттар салынған сөмке емес. Бұл — күнделікті қызметте сенімді серігі, ал табиғатты қорғау жолында көмекшісі.
🌿 Оның ішінде не бар екенін білесіз бе?
🗺️ Карта мен навигациялық құралдар — орманның әр бұрышын бағдарлау, бағытты анықтау үшін.
🔭 Дүрбі — жабайы жануарлар мен құстарды алыстан, олардың тыныштығын бұзбай бақылау үшін.
📻 Байланыс құралы — әріптестермен үнемі байланыста болу үшін.
🩹 Алғашқы көмек қобдишасы — күтпеген жағдайларда көмек көрсету үшін.
📓 Инспек тордың күнделігі — табиғаттағы бақылауларды, маңызды мәліметтер мен өзгерістерді тіркеу үшін.
Әр заттың өз міндеті бар. Ал олардың барлығын біріктіретін ортақ мақсат — табиғатты қорғау, орман байлығын сақтау және жануарлар әлемінің тыныштығын қамтамасыз ету.




















