Западно-Алтайский государственный природный заповедник

1 мамыр мерекесі күні Батыс-Алтай мемлекеттік қорығының табиғат
мұражайында ашық есік күні өтті. Мұражайға келушілер ерекше
көрікті жерлермен және экологиялық-туристік маршруттармен
танысты. Барлық келгендерді «Парктер шеруі – 2022» акциясының
шығармашылық байқауларына қатысуға шақырдық. Келушілер табиғат
мұражайына ерекше таңданды және келгендеріне риза болды, сонымен
қатар жақын арада Батыс-Алтай қорығына баруға ниет білдірді.