Западно-Алтайский государственный природный заповедник

2022 жылдың 30 сәуірінде Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи
қорығында «Парктер шеруі-2022» табиғатты қорғау акциясы аясында
«Көңілді старттар» спорттық жарысы өтті. “Риддер қаласының
жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал
актілерін тіркеу бөлімі” ММ-нің мүмкіндігі шектеулі және біздің
қызметкерлердің балалары қатысты. Түрлі қызықты ойындар: арқан
тарту, доппен түрлі ойындар және т.б. қызықты шаралар
ұйымдастырылды. Шара соңында балаларды тәтті тосын сый күтіп
тұрды.