2022 жылдың 1 сәуірінде Халықаралық құстар күнінде «Батыс-Алтай
мемлекеттік табиғи қорығы» РММ табиғат мұражайында «Құстар үйі»
акциясының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Олар Риддер қаласының мектептері мен балабақшаларының оқушылары
болды:
І орын – Смирнягин Михаил – №3 ОМ, 1″ В”, 7 жас;
ІІ орын – Остроумов Лев-УВиОЦ, “Улыбка”, 5 жас;
Ступаков Ростислав – №3 ОМ, 1″ В”, 7 жас;
ІІІ орын – Шутеева Лилия – №3 ОМ, 1″ В”, 7 жас,
Прокопьев Матвей – УВиОЦ, “Сказка” тобы, 5 жас,
Қайсанова Аружан – №16 ОМ, 5 “Ә”, 12 жас.
Балалар барлығы 13 құс үйін жасады. Алты бала мадақтамамен және
сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, қорықтың Табиғат мұражайында балалар мен олардың
ата-аналарына «Парктер шеруі 2022» табиғатты қорғау акциясы
аясында өтетін құстар, маршруттар, шығармашылық байқаулар мен
акциялар туралы айтылды.














