2023 жылдың17 ақпанында «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің туризм және рекреация жөніндегі инженер-мемлекеттік инспекторы Т.Эктова Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№38 «Қарлығаш» бөбекжайы» КМҚК балаларымен және қызметкерлерімен дәріс өткізді.
Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы туралы жалпы мәлімет, қорықтың бағыттары және онда тіршілік ететін барлық аң-құстар туралы ақпарат берілді.
Флористикалық байлығы мен қанықтығы бойынша Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Қазақстан қорықтары арасында алдыңғы қатарлы орындардың бірін алады.
Қорық аумағында:
– 230 жануар, құстардың 162 түрі, оның ішінде құстардың 120 ұя салатын 6 түрі (қара дегелек, бүркіт, ителгі, үкі, лашын, таз тырна);
– сүтқоректілердің 57 түрі (оның ішінде Иконников жарқанаты Қызыл кітапқа енгізілген);
– балықтың 5 түрі (таймен Қызыл кітапқа енгізілген);
– 2 қосмекенділер;
– 4 бауырымен жорғалаушы;
– жоғары тамырлы өсімдіктердің 888 түрі, саңырауқұлақтардың 237 түрі өседі. 27 өсімдік Қызыл кітапқа енгізілген.
Тыңдаушылар қорықтағы жәндіктер, құстар мен жануарлар туралы фотокөрмемен танысты. Сонымен қатар, қатысушыларға қазақстандық биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы орнитологтары 2023 жылғы құс – көк құсты таңдағаны туралы айтылды.
Балалар сұрақтар қойып, белсенді әңгімелер жүргізді.
Кездесу соңында Кенді Алтайдың жануарлары туралы қызықты фильм көрсетілді.















