Западно-Алтайский государственный природный заповедник

Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығының табиғи кешендер мен нысандарды күзету қызметі бөлімінің аумақ қорғау инспекторлары жергілікті тұрғындармен қылқан жапырақты ағаштарға жаңашырлықпен қарау, жасыл желекке зиян келтірмеу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шырша -баяу өсетін қылқан жапырақты ағаш. Ал бір күндік мерекеге бола жасыл желекті аяусыз кесетіндердің естеріне сала кететін бір жайт бұндай заң бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылады.

Ескерту: қылқан жапырақты ағашты заңсыз кескен жағдайда 1 түп үшін 58 980 теңге (15 АЕК) көлемінде айыппұл салынады.

Батыс -Алтай қорығының аумақ қорғау инспекторлары дәл осы қылмысқа тосқауыл қою үшін күшейтілген режимде қызмет атқаруда.