Батыс-Алтай қорығындағы сібір елігі фототұзаққа түсті. Сібір
елігі(Capreolus pygargus). Ол Солтүстік және Орталық
Қазақстанның орманды жерлерінде, оңтүстік Балқаш аймағының
тоғайларында, солтүстіктегі Оңтүстік Алтайдан бастап
республиканың оңтүстігіндегі батыс Тянь-Шаньға дейінгі барлық
тауларда кездеседі. Еліктің дене тұрқы – 120-160 см, шоқтығына
дейінгі биіктігі – 75-100 см, ал салмағы – 30-55 кг. Аяқтары
жіңішке әрі ұзын болып келеді. Елік 100-ге жуық өсімдік түрімен
қоректенеді. Атап айтсақ, шөптер мен бұталы өсімдіктерді,
жидектерді және саңырауқұлақтарды жейді. Ерекше қасиетке ие
жануар орнынан секіріп жылжиды.
Материалды дайындаған аңшылық маманы Кінәзханов Ж.Н.














