
Қариясы бар ел — қазыналы ел.
Өмірден көргені мол, жүрегінде тұнып тұрған тарихы бар аға буын — кейінгі ұрпаққа жол көрсететін шамшырақ.
Табиғатты қорғау саласында талай жыл еңбек етіп, қорықтың дамуына өз үлесін қосқан ардагерлердің еңбегі — біз үшін үлкен өнеге. Олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен елге деген адалдығы кейінгі ұрпаққа аманат болып жалғасады.
Бүгін біз сіздерге алғыс айтамыз.
Сіздердің еңбектеріңіз — тарих, өнегелеріңіз — аманат. 🤍
Ардақты ардагерлер, ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталар!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз. Әрдайым ұрпақтарыңыздың құрметіне бөленіп, төрде отыра беріңіздер! 🌿
Қартын қадірлеген елдің — ырысы артық.
#1Қазан ҚарттарКүні #БатысАлтайҚорығы #ҚариясыБарЕлҚазыналыЕл #АғаБуын #Өнеге #ТабиғаттыҚорғаймыз


















