Біз сіздерге «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
жұмысының жаңартылғандығы туралы хабарлаймыз.
Сіз табиғат мұражайына тегін келе аласыз (мекен-жайы:
Семипалатинская көшесі,9- ХҚКО-на қарама- қарсы) сағат
8.00-17.00 дейін, сенбі,жексенбі күндерінен басқа. Түскі үзіліс
12.00-ден 13.00-ге дейін. Анықтама телефоны 4-09-27.
Осымен бірге, 2020 жылдың 25 мамырынан бастап «Заповедные дали»
бағыты ашылады.
Бағыттық парақшаларды рәсімдеу үшін ғылым, мониторинг,
экологиялық ағарту және туризм бөліміне келесі құжаттар қажет:
-топ қатысушыларының жеке басының куәліктері (балалар үшін- туу
туралы куәлік, шетелдіктер үшін- шетелдік төлқұжаты);
– «ШҚО бойынша мем.кірістер департаментінің Риддер қаласы
бойынша мемкірістер басқармасы» РММ-не мемлекеттік баж салығын
төлеу туралы түбіртек
Төлем мөлшері 0,1 АЕК (2020 жылы 278 тг) бір адамнан бір күнге
ерекше қорғалатын табиғи аумақта тәулігіне бір адамның болуы.
Топпен шыққан жағдайда- мем.баж салығын бір түбіртекпен Қазпошта
бөлімінде БСК 105313 шотына «ШҚО бойынша мем.кірістер
департаментінің Риддер қаласы бойынша мемкірістер басқармасы»
РММ БСН 980340001050 немесе кез келген банкте (бүкіл топқа бір
түбіртек);
– Техпаспорт, жүргізуші куәлігі, өтініш (егер өз көлігіңізбен
барсаңыз);
– Қосымша қызметтерге төлем түбіртегі (соқпақты пайдалану,
гид-экскурсия жетекшісі/инспектор)- қорық бухгалтериясында
төленеді
– Оқу орнынан бұйрық;
Бұған қоса, ҚОРЫҚ ҚЫЗМЕТІН төлеу қажет:
Ересек адамнан: 2500 тг. 1 тәулікке 1 адамдан(экскурсия
жетекшісі- 1000 тг. және соқпақты пайдалану- 1500 тг.)
Оқушыдан: 1250 тг. 1 тәулікке 1 адамнан (-50 % жеңілдік осы
қызметтерге)
– Көлік (қажет болғанда) топтан: 41 700 тг. УРАЛ вахтовка (28
орын),
16 000 тг. УАЗ таблетка (7 орын), 12 200 тг. УАЗ (3 орын).
Бағасы: – туристтік үйде қону бір адамнан 2500 теңге
тәуілігіне;
– Монша 1800 теңге бір адамнан/сағатына;
– Шатырды жалдау- 500 теңге бір адамнан/тәуілігіне;
– Жылқылар- сағаты 500 теңге.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынған соң Сіз бағыттық
парағын, қорық аумағына шығуға рұқсаттама аласыз. Белгіленген
уақытта «Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің
әкімшілік ғимаратына келесіз табиғат мұражайын көру үшін және
соқпақтарға саяхаттауға шығасыз.
Қорық аумағында болғанда өзіңізбен бірге мыналар болсын:
- Жеке куәлік (туу туралы куәлік, шетелдік төлқұжат)
-
Көлікке рұқсаттама (алдын- ала рәсімделген- өтініш жазылады,
техпаспорт, жүргізуші куәлігі ұсынылады) - Бағыттық парақ
- Жылы киімдер (баскиім, сулық, етік, ыңғайлы аяқ киім, иыққап)
- Құрғақ азық, кенеден, шіркей және масадан қорғайтын құралдар
Саяхаттау кезінде Сіздер қорықтың эталонды көрікті жерлерін
көресіздер. Қорықтың табиғат мұражайына және «Заповедные дали»
бағытына барлықтарыңызды шақырамыз!














