4 желтоқсанда «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ қызметкерлері Риддер қаласының
полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғауды күшейту
бойынша рейдтік іс-шараны жүргізді. Іс-шара «Белая Уба» айналымында және қорықтың
күзетілетін аймағында жүргізілді. Рейд барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактісі
анықталған жоқ.
















