Еліктердің өмірінен қызықты деректер
-
Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында еліктер жиі
кездеседі, бұзаулауы «Гульбище» биіктаулы батпағында болады.
Қысқы кезеңде көп бөлігі қары аз аудандарға көшеді. - Жас күміздерде мүйізі сырнай пішіндес болып келеді.
- Еліктер өте жақсы жүзеді, ірі өзендерді оңай жүзіп өтеді.
-
Қауіпті көре салысымен, жануарлар қатты жер тебіне бастайды,
осылайша басқа туыстарын қауіп туралы ескертеді. -
Жыртқыштардан қашқанда еліктер жылдамдығын сағатына 60
шақырымнан асыруы мүмкін, бұл сілеусіннің немесе қасқырдан
көп, бірақ бұлай олар ұзақ жүгіре алмайды. -
Еліктің ұрғашысын- сөгені жеңіл қолға үйретуге болады екен- ол
тынышты, мазасыз емес, ал еркектерін- күмізді мүлдем үйрете
алмайсың. -
Аталықтары- күміздерінде гарем болады, екі немесе үш сөгемен
тұрады. - Қыста жүндері жирен түстен сұр түске ауысады.
-
Азық іздеу уақыты таңертең және кешке, ал басқа уақытта
орманды шалғындарда жатып демалады. -
Еліктер бір некелі жануарларға жатпайды. Әрбір мерзімде жаңа
жұп құрады екен. -
Еліктердің биіктігі 60-90 см аралығында, ұзындығы- 140 см,
салмағы- 37 кг. -
Әрбір түрінде қайталанбас иісі болады, ол арқылы басқаның
жасын, мөлшерін, жынысын және басқа да параметрлерін білуге
болады. -
Кейбір түрлерінің мойынының ұзындығы дене ұзындығының 30 %
жетеді. -
Еліктер негізінен секіріп жылжиды, бір секіргенде 5-6 метр
қашықтықты қалтырады. -
Еліктер ылғи суаттардың жанында жүреді. Олар көп су ішеді,
жыртқыштар мұны біле оларды сол жерлерде аңдиды. -
Елікте әрбір аяғында 2 тұяғы бар, олар қосылып кеткен сияқты
болып көрінеді. Жыртқыштар шабуылдағанда олар айбарлы қару
бола алады. -
Балалары өмірге ала болып келеді, 3 айларына келгенде бір
түсті болады. - Қорқып қалған еліктер иттің үріліне ұқсас дыбыс шығарады екен.
-
Барлық түрлерінде құйрығы бар, бірақ ол өте қысқа. Ұзындықтары
бірнеше сантиметрден аспайды. -
Бұлар табынмен жүретіндер емес, 3-5 түрден құралған топпен
жүреді. Тек көктемде ғана жиналып қалғандарын көруге болады. -
Күйлеу кезінде аталықтары- күміздер адамға шабуылдауы мүмкін.
Кез келген адамға кімді көрсе соған. -
Жаңа туылған еліктерде тері бездері өте аз, сондықтан олар
ешқандай иіс шығармайды. Бұл оларға жыртқыштардан қорғануға
көмектеседі.















