-
Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында осы бір сүйкімді
кішкене аңды жиі кездестіруге немесе оған тән ысқырығын естуге
болады. -
Білесіздер ме, ежелгі грек тілінен аударғанда «бортышқан» сөзі
«шаруашылық меңгерушісі» деп аударылады екен. - Еріксізде бортышқандар бірнеше есе көбірек өмір сүреді.
-
Бортышқан азығын жағында тасиды. Мысалға ауыз қуысына 10
жаңғаққа дейін сиғыза алады. -
Бортышқан жауынның келе жатқанын сезе алады екен, бірден
тығылады. -
Олар індерінің аузын шебер жасыра алады, олардың қайда екенін
біле тұра табуға қиын болады. -
Інінде ол тіпті ұзындығы 3 метрге дейін созылады, ұяға
арналған камерадан басқа 1 немесе 2 қор жинауға арналған
қоймалар мен 1-2 тығырық- әжетханалары бар екен. -
Бортышқанның орташа салмағы 100 г. құрайды, қыстау алдында 1
бортышқан өзіне арнап 2-3 кг.азық жинайды. -
Әдетте бортышқан өсімдікті азықпен қоректенеді, кейде
жәндіктерді де жейді. -
Азықтан басқа олар ініне ұсақ заттарды тасиды екен, бұл
олардың табиғатынан берілген қор жинағыштарымен байланысты. -
Ең қызықтысы, бортышқандар ұйқыға кеткен кезде қыстың
ортасында тұрып алып, тамақтану үшін, сосын қайтадан ұйықтайды
екен.















