Батыс-Алтай қорығындағы сібір елігі фототұзаққа түсті. Сібір елігі(Capreolus pygargus). Ол Солтүстік және Орталық Қазақстанның орманды жерлерінде, оңтүстік Балқаш аймағының тоғайларында, солтүстіктегі Оңтүстік Алтайдан бастап республиканың оңтүстігіндегі батыс Тянь-Шаньға дейінгі барлық тауларда кездеседі. Еліктің дене тұрқы – 120-160 см, шоқтығына дейінгі биіктігі – 75-100 см, ал салмағы – 30-55 кг. Аяқтары жіңішке әрі ұзын болып келеді. Елік 100-ге жуық өсімдік түрімен қоректенеді. Атап айтсақ, шөптер мен бұталы өсімдіктерді, жидектерді және саңырауқұлақтарды жейді. Ерекше қасиетке ие жануар орнынан секіріп жылжиды.
Материалды дайындаған аңшылық маманы Кінәзханов Ж.Н.