2022 жылдың 24 маусымында Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығына ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Шалабекова Алия Лазарқызы мен ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасының орынбасары Тұрғамбаев Данияр Ғалымұлы жұмыс сапарымен келді. Қорық ұжымымен кездесіп, ағымдағы мәселелерді талқылап, экологиялық ағарту жұмысын жақсарту үшін білім беру платформаларының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды және келушілерге қызмет көрсету аясын кеңейту керектігін атап өтті. Сонымен қатар қорық аумағына барып Ақ Оба және Қара Оба кордондарында болып, қорықтың тыныс-тіршілігімен танысты.