Республика күні ұлттық мерекесін өткізуге арналған іс шаралар жоспарына сәйкес «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының әкімшілік ғимараты аумағында сенбілік ұйымдастырылды.
🌱 Қорық қызметкерлері ғимарат аумағын тазалап, айналаны ретке келтіру жұмыстарына белсенді қатысты. Мұндай игі шаралар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Тазалық — әр адамның өзінен басталады. Туған жеріміздің көркеюі мен қоршаған ортаның таза болуы бәрімізге ортақ міндет.
💚 Таза орта — жарқын болашақтың кепілі!




















