"Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" РММ "Парктер шеруі-2021" акциясы аясында музыкалық байқау жариялайды.

Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы


 «Парктер шеруі 2021»

халықаралық экологиялық

акциясы аясында

музыкалық байқау жариялайды

 

     Отанымыздың құпия әуендері  Сырлы саз-Отанға

 

 оқушылар мен студенттер арасында

 

Байқау тақырыбы «Музыкадағы табиғат»

 

2021 жылдың  26 мамырында сағат 15.00   онлайн  тәртібінде «Музыкадағы табиғат» байқауын өткізеді.  Қатысушылардың жасы-   5 жастан 18 жасқа дейін. Өтінімдер  2021 жылдың 15 мамырына дейін  «Балалар музыка мектебі»  КМҚК Гагарин көшесі, 12 мекен-жайы бойынша және келесі  электронды поштасына қабылданады:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

  1. Байқау тақырыбының ашылуы, орман байлығын сақтау проблемасына өзіндік жеке көзқарасы ескеріледі.
  2. Жеңімпаздар естелік сыйлықтар мен грамоталармен марапатталады.

Байқау нөмірлерін музыка мектебіне мына электронды поштаға жіберу керекЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Барлық сұрақтар бойынша сағат 8.00- 17.00 дейін мына тел. 4-27-80 («Балалар музыка мектебі» КМҚК немесе  мына мекен-жайға: Гагарин к., 12), 4-09-27 (экологиялық ағарту және туризм бөлімі мекен-жайы:   Семипалатинский к., 9, Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы) хабарласуға болады.

___

 

       

 

«Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ «Парктер шеруі-2021» акциясы аясында қашықтан өткізілетін шығармашылық байқау жариялайды.

 

«БҰЛАН», «2021 ЖЫЛ ҚҰСЫ - БІРҚАЗАН», «КЕСТЕЖУСАН-ҰЙҚЫ ШӨП»

Байқауды өткізудің мақсаты – тірі табиғатқа деген позитивті қатынас қалыптастыру және шығармашылыққа баулу.

Байқауды өткізу тәртібі: Байқауды өткізу форматы- сырттай. Әділ қазылар сырттай формада жеңімпаздарды анықтайды.  Байқауға барлық материалдар электронды түрде   Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. поштасына жіберіледі.

Байқау алаңы: Әлеуметтік желілер - «Инстаграм», «Одноклассники», «Фейсбук», «ВКонтакте»,  Риддер қалалық сайт, Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығының ресми сайты.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: байқау қатысушысы мектепке дейінгі балалар, оқушылар, студенттер және жас  шектеулері жоқ барлық ниет білдірушілер бола алады.  

Байқауға аталған тақырып бойынша суреттердің, плакаттардың (қабырға газеті) және қолдан жасалған бұйымдардың фотосуреттері қабылданады. 

Байқауды өткізудің мерзімі мен тәртібі:

Өтінімдер мен материалдарды қабылдау 30.05.2021 ж. дейін (қоса)

Бағалау кезеңі 31.05 мен 03.06.2021 ж аралығында.  

Марапаттау  04.06.2021 ж. бастап (естелік сыйлықтар мен грамоталар)

Жіберілетін жұмыстарға қойылатын талаптар:

Суреттер  .jpg., .jpeg. форматында қабылданады.  Жұмыстың жақын түсірілген суреті, айқын суреті. Фотосуреттер сапалы болуы керек (бұлыңғыр емес, анық). Фотосуреттерде балалар болмау керек  (мысалы: бала суретті қолында ұстап тұрады) сандар немесе басқа да жазулар! Басқа артық жазбалар, заттар фотосуреттің артқы жағында болуы жұмыстың нақ өзін қарауға мүмкіндік бермегендіктен жұмыстың бағалануы төмендеу болуы мүмкін.

  1. Жұмыстар байқауға қатысушының өздігімен орындалуы керек. Жұмыс қатысушының жасына сай болуы керек, ересектер тек көмек көрсетіп, тәлімгер ғана бола алады.
  2. Байқауға суреттер, плакаттар (қабырға газеттері) немесе қолөнер бұйымдары қабылданады.

а. Суреттер сурет салудың кез келген  техникасында орындалуы мүмкін  (акварель, тушь, түрлі түсті қарындаштар, бормен, акрил, гуашь), кез келген материалда (ватман, картон, кенеп және т. б.). Суреттерді СКАНЕРЛЕУ ҚАЖЕТ немесе ФОТОҒА ТҮСІРУ КЕРЕК  (фотосуреттерді  Word документіне салудың қажеті жоқ).

б. Қолөнер бұйымдары (кәдесыйлар)  кез келген материалдан жасалуы мүмкін ( табиғи материалды, қағазды, тұқымдарды, жемістерді, көкеністерді қолдана отырып) және кез келген техникада. Жұмысты ФОТОҒА ТҮСІРУ ҚАЖЕТ.(фотосуреттерді  Word документіне салудың қажеті жоқ).

в. Плакаттар (қабырға газеттері) сурет салудың кез келген техникасында орындалуы мүмкін  (акварель, тушь, түсті қарындаштар, борлар, акрил, гуашь) А1 форматында кез келген материалда. Маңызды шарт: плакатта (қабырға газетінде) табиғатты қорғауға шақыратын ақпарат болу керек.  Жұмысты СКАНЕРЛЕУ КЕРЕК немесе СУРЕТКЕ ТҮСІРУ КЕРЕК  (фотосуреттерді  Word документіне салудың қажеті ЖОҚ).

 

  1. Жұмыстар таңдалған тақырыпқа сай болу керек.
  2. Байқауға ұсынылған әрбір жұмысқа жеке өтінім толтырылады.

 

Байқауға түскен жұмыстар қайтарылмайды. Байқауға жіберілген  барлық материалдар  авторға сілтеме жасай отырып, қорықпен қолданыла алады.

Фотосуреттерді жібере отырып, Сіз аталған ережелерге келісім бересіз, сонымен қатар:

* сіз оған құқықтардың Сізге тиесілі екенін растайсыз және жіберілген кескіннің авторлық құқығына қатысты проблемалар туындаса, оларды өзіңіз шешуге міндеттенесіз;

* фотосуретке порталдың мекенжайын түсіруге келісім бересіз;

* фотосуретті пайдалануға келісім бересіз;

Байқау жұмыстарын бағалаудың өлшемдері

  • Шығармашылық идеяның өзіндік ерекшелігі
  • Жұмыстың байқау тақырыбына сәйкестігі
  • Автордың қиялының байлығы мен шығармашылық көзқарасы
  • Көркем бейненің тұтастығы
  • Стандартты емес орындау техникаларын және көркем материалдарды қолдану
  • Тақырыптың өзектілігі мен ашылуы
  • Жұмыстың автордың жасына қатынасы (жас санаттары: 3 жастан 6 жасқа дейін;
  • 7 жастан 11 жасқа дейін; 12 жастан 18 жасқа дейін; 19 жастан жоғары).
  • Жұмыстың рәсімдеу талаптарына сәйкестігі

Жіберу қажет:

1.Өтінім

  1. JPEG форматында жұмысты скан. немесе фотосын (мүмкіндігінше қорыққа ұсынылса)

Құжаттар мен материалдар ҒМЭАжТ бөлімінің  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына белгіленген мерзімде жіберіледі.

 

Ескерту: жауап ретінде сіз байқауға жұмысыңыздың қабылданғаны туралы растау хатын алуыңыз керек, егер Сіз жауап ала алмасаңыз, бізге хабарласыңыз.

 

Өтінім нысаны

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

1

Байқау атауы  («Бұлан», «2021 жыл құсы – Бірқазан», «Кестежусан – ұйқы  шөп»

 

2

Сурет, плакат (қабырға газеті) немесе қолөнер бұйымы

 

3

Қатысушының аты-жөні

 

4

Оқу орнының  немесе ұйымның толық атауы  (қысқартусыз)

 

5

Жасы, сыныбы

 

6

Ұялы телефоны

 

7

Грамота немесе мақтау қағазын жіберу үшін E-mail поштасы

 

Қашықтан өткізілетін шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау

Байқау нәтижелері бойынша комиссия жеңімпаздарды (I, II, III орындар) және номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Жұмыстар жас санаты бойынша бағаланады. Конкурстық комиссия қосымша номинацияларды белгілеу және байқаулық материалдарды қарау мерзімдерін өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Жеңімпаздар санатына енбеген қатысушылар және номинациялар бойынша жеңімпаздар қатысқаны үшін мақтау қағазын алады. Жетекшілері (кураторлары) алғыс хаттар алады. Құжат электронды түрде жіберіледі, қол қойылады және мөр басылады! Грамоталарды табыстау және тарату байқау қорытындысын шығарғаннан кейін болады.

 

Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы,

Риддер қаласы

Семипалатинский көшесі, 9

 

 

 E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 Жұмыс тәртібі: дүй.-жұма  

  08:00-17:00

 Телефоны: 8 (723) 364-0927

 

Сіздерге байқауға сәтті қатысуды тілейміз!

Құрметпен, «Ғылым, ақпарат, экологиялық ағарту және туризм» бөлімі

 

 
___
 
"Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" РММ "Парктер шеруі-2021" акциясы аясында "Экосәнгер"
қашықтан өткізілетін байқауын жариялайды.

 

 ___

Табиғатты қорғау акциясының қатысушылары арасындағы "Парктер шеруі 2021" үздік есебін өткізу байқауы.