БАМТҚ туристік және рекреациялық қызметі

 

 

Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» заңы бойынша 42-ші бап 3-ші пункт келесідей мазмұнға ие «Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ерекше құнды экологиялық жүйелер мен нысандарды қамтымайтын арнайы бөлiнген учаскелерде уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен реттелмелi экологиялық туризм өткiзу үшiн экскурсиялық соқпақтар мен бағыттар құруға жол берiледi». Осы заңнамаға сәйкес қазіргі уақытта РММ «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында» экологиялық ағарту және туризм бөлімімен 4 экологиялық бағыттар құрастырылып, қолданысқа ие.

 

 

«Эталон Западного Алтая» №1 бағыты

 

Риддер қаласы-Алтай Республикасы Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жол бойынша 22 шақырым бойы қорықтың аумағын кесіп өтеді.

«Эталон Западного Алтая» - Автокөліктік, Түзу

Жол бөлігі: жалпы -116 шақырым;

Ұзақтылығы: 8-9 сағат;

Бағытқа енгізілген негізгі нысандар:

Ең жоғарғы биіктіктегі көрініс-Ворошилов жотасына панорамалық көрініс. Ивановский жотасының биік бөлігінің көрінісі.

 

 

  

 «Алешкины стежки» №2 бағыты

 

«Алешкины стежки» - Автомобильді, жаяу

Жалпы ұзындығы: 98 шақырым;

Көлікпен жүру бөлігі: 78 шақырым;

Жаяу жүру бөлігі-20 шақырым;

Ұзақтығы – 2 күн.

Бағытқа енгізілген негізгі нысандар:

Бағыт Алешков бастауының көркем жағалауымен өтеді және орманның жайылым зонасын, қалың тайгасын, субальпілік орманды даланы кесіп өтіп, туристерді теңіз деңгейінен 2000м биіктіктегі қырға алып шығады. Жота басында 3 көгілдір көл бар.

 

 

 

 «Заповедные дали» 3 бағыты

 

«Заповедные дали» - Автомобильді, жаяу

Жол бөлігі: жалпы 111,1 шақырым;

Көлікпен жүру бөлігі: 106 шақырым;

Жаяу жүру бөлігі: 5,1 шақырым;

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың негізгі нысандары:Батыс-Алтайдың биік таулы белдеуі, «Бастион» атты тасты жотаға шығу оның биіктігі теңіз деңгейінен 1855м қамтиды, Панорамалық көрініске жету.

  

 

 

 

 

 «Каменная сказка» №4 бағыты

 

«Каменная сказка» - Автомобильді, жаяу

Жол бөлігі: жалпы -157,7 шақырым;

Көлікпен жүру бөлігі: 17,7 шақырым;

Жаяу жүру бөлігі: 14,0 шақырым

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың негізгі нысандары:

Қара Уба және Борсық өзендерінің суайрығында орналасқан «Гульбище» биік таулы батпақ кешені, Линейский жотасының  шығысында орналасқан «Линейские столбы» геоархитектуралық граниттік қалдықтар кешені.