БАТЫС-АЛТАЙ ҚОРЫҒЫНА ҚАЛАЙ БАРУҒА БОЛАДЫ?

1-қадам: Қорықтың қызметкерлерімен байланысу, таңдалған бағыттарды, сапар уақытын, ақылы қызметтерді талқылау және қосымша қызықтыратын ақпаратты білу (тел: 4-09-27; e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., әлеуметтік желіде:

2-қадам: Қажетті құжаттарды жинау:

  1. Топ мүшелерінің жеке куәліктері (балаларға арналған туу туралы куәлік, шетел азаматтарына арналған шетелдік төлқұжат).
  2. Егер сапар өз көлігінде жоспарланса-техникалық паспорт және жүргізуші куәлігі.
  3. Риддер салық комитетіне мемлекеттік баж салығын Қазпошта бөлімшелерінде немесе кез келген банкте КБК 105313 шотына 0,1 АЕК мөлшерінде төлеу (253 тг. зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету ЕҚТА аумағында күніне бір адамның болғаны үшін.Топ келген жағдайда - мемлекеттік бажды бір түбіртекпен төлеу қажет.

 

3-қадам: Батыс - Алтай қорығының әкімшілік ғимаратына жиналған құжаттармен келу (Риддер қ., Семипалатинская к-сі, 9).

  1. Қорық бухгалтериясында қосымша қызметтерді төлеу (соқпақты пайдалану, гид-экскурсовод/инспектор-міндетті түрде)
  2. ҒМЭАжТ бөлімінде (ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм) қорықтың аумағына өтуге рұқсаттама рәсімдейді.

 

  4-қадам: Белгіленген уақытта қорықтың әкімшілік ғимаратының жанында жиналып, сол жерден Батыс – Алтай қорығының аумағына сапар басталады.

Қорықтың аумағында болған кезде өзімен бірге:

  1. Жеке куәлік.
  2. «БАМТҚ» аумағында болу құқығына ресімделген құжаттар.
  3. Жылы киімдер (бөрік, ыңғайлы спорттық немесе жорықтық костюм, рюкзак, ыңғайлы аяқ киім, қажет болған жағдайда жаңбыршы, күртеше және етік).
  4. Құрғақ азық, су; кенеге,жөкеге, және масаларға қарсы құрал.

 

Ескертпе:Жорықтар мен экскурсияларға бару үшін қорықтың аумағында әдетте қалаға қарағанда бірнеше градусқа суық болатынын ескере отырып, ауа райы бойынша киіну қажет.Міндетті түрде өзімен бірге жаңбырлатқыш болуы керек, барлық жүкті өзімен бірге жолқапшықтарда (жаяу жүргіншілер бағытарында). «Каменная сказка» бағытында батпақтан өту үшін резеңке етік қажет.