«Саябақтар шеруі 2022» акциясы аясында 6 және 15 сәуірде Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы мамандарының Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ тұрғындарымен кездесулері өтті. Табиғат мұражайында олардың назарына «БАМТҚ туралы жалпы мәліметтер», «1 сәуір Құстар күні», «Жер күні», табиғатты қорғау акциясы аясында жоспарланған іс-шаралар мен байқаулар туралы мәлімет айтылды.