Ақкіс – сусарлар тұқымдасына жататын кішірек аң. Дене салмағы аталықтарында 230-267 г., аналықтарында 102-186г. Қыста оны аққалақпен, ал жазда сарғыш күзенмен оңай шатастыруға болады, бірақ олардан айырмашылығы құйрығында қара ұшы бар.
Ол негізінен Батыс, Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстанды, сондай-ақ Алакөл ойпатын мекендейді. Денесі жіңішке, қалың түкті, үлпілдек жамылғысы бар. Ақкіс жазда қоңыр, ал қыста денесінің жүні ақ түсті болады. Тауларда мекендейтін ақкіс негізінен ұсақ кеміргіштермен қоректенеді.
Сезім мүшелері жақсы дамыған, көздері жақсы көргенімен, олар аң аулау барысында есту мен иіс сезу мүшесін пайдаланады. Ақкістің белсенділігі ауа райы бұлтты күндері азаяды. Қауіп-қатерден тау-тастарға тығылады.
Батыс – Алтай мемлекеттік табиғи қорығында ақкістердің мекендейтін жерлері өте алуан түрлі. Бұл жыртқышты тоғайларда да, 2500 м биіктіктен асатын тауларда да кездестіруге болады. Сонымен қатар Қара және Ақ Оба өзендердің жайылмаларында да кездеседі. Ақкіс популяциясының тығыздығы жем-шөп пен қорғаныс факторларына, сондай-ақ жаулар мен бәсекелестердің болуына тікелей байланысты. Ақкіс өзінің сүйкімді және зиянсыз түріне қарамастан жыртқыш болып табылады. Оның негізгі қорек көзі – тышқандар мен ірі кеміргіштер. Біздің аймақта ақкіс популяциясының төмендеуіне жол бермеу үшін табиғатта қарапайым ережелерді сақтау қажет: оның мекендейтін жерлеріне мұқият болу, әдеттегі өмір салтын бұзбау. Сонымен қатар табиғатты қорғаңыз, сүйіңіз және құрметтеңіз.
Ақпарат ҒМЭАжТ бөлімініңмаманы И.Н. Завьяловамен дайындалды.
Фотосурет авторы А.А. Клименко
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/817-a-kis.html#sigFreeId73f6636be2