Тамыр губкасы (Heterobasidion annosum) базидиальды саңырауқұлақ, афиллофороидты гименомицет. Саңырауқұлақ негізінен көптеген қылқан жапырақты ағаштардың түріне зақым келтіреді. Ал жапырақты ағаштардың тек кейбір түрлеріне залалын тигізеді, соның ішінде қайыңға, қандыағашқа, көктерекке әсер етеді. Тамыр губкасы қылқан жапырақты ағаштарға үлкен қауіп төндіреді. Әр түрлі тұқымдардың тамыр губкасымен зақымдануының сөзсіз белгісі-саңырауқұлақтың жеміс денелері. Олар көлеңкелі ылғалды жерлерде пайда болады: тамыр астындағы бос жерлерде, зақымдалған тамырлардың төменгі бетінде, жел ағаштарының тамырларында, ескі діңгектерде, кептірілген ағаштардың тамыр мойнында болады.
Материал дайындаған инженер-орман патологы А.Косаев. Фото интернет желісінен.