«Таза Қазақстан»: халық үшін өтінім берудің ыңғайлы сервисі

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоғамның әлеуметтік желілерді жаппай пайдалануына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап қызмет ететін TazaQazBot Телеграм-чат-ботының негізінде халықтан өтінім алудың жаңа сервисі әзірленіп, пайдалануға берілді.

Чат-бот азаматтардың назарын аударды және оның ел тұрғындары арасында танымалдылығының табысты басталғанын сеніммен айтуға болады.

Үрдіс барынша оңайлатылған: авторизация жүргізу, проблемалық жердің фотосуреті, мекенжайды көрсету және проблемаға түсінік беру мүмкіндігі қажет.

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk