2023 жылдың 30 мамырында Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында «Парктер шеруі-2023» табиғатты қорғау акциясы аясында ұйымдастырылған «Музыкадағы табиғат», «Мәнерлеп оқу», «2023 жыл құсы - көк құс», «Кәдімгі таушымылдық», «Түлкі» тақырыбындағы шығармашылық байқауларының жеңімпаздары анықталып, мақтау қағазы мен сыйлықтар табысталды. Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз.