«Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ «Шыршаны қорғайық және сақтайық» экологиялық акциясын дайындау және өткізу бойынша үйлестіру кеңесі өтті. Бұл акцияның мақсаты – балалар мен ересектерде экологиялық мәдениетті, экологиялық сананы, айналамыздағы табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Акция барысында шешілген міндеттер – табиғатқа зиян келтірмей, импровизацияланған құралдардан жаңа жылдық шыршаның баламалы нұсқаларын жасау.
Кеңес жұмысына Риддер орман шаруашылығы, Батыс -Алтай қорығы, , мемлекеттік мекемелердің мамандары, БАҚ өкілдері қатысты. Жиналғандардың барлығы ормандарымызды сақтау, Қазақстанның байлығын арттыру мақсатындағы акцияның маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. Орман қорын сақтаудағы көпжылдық жұмыстың негізгі нәтижесі жаңа жылдық мерекелерде шыршаларды кесуді қысқарту болды.
Акция жыл сайын өткізіліп келеді, бұл тек Риддер өңірінің ғана емес, бүкіл Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында дәстүрлі және сүйікті іс-шараға айналды.
«Шыршаны қорғайық және сақтайық» акциясы 04.12.2023 мен 27.12.2023 аралығында жалғасады.
Бағалау кезеңі 05.01-15.01.2024ж.
17.01.2024ж. бастап марапаттау (естелік сыйлықтар мен мақтау қағазы)
Баршаңызды осы акцияға қатысып, қылқан жапырақты ағаштарды қорғауға үлес қосуға шақырамыз!